«Абай ауылы» сахналық қойылымы

17-ақпан күні АҚжХКК акт залында қоғамдық-гуманитарлық пәндер апталығының ашылу салтанаты болып өтті. Апталықтың ашылуы қазақтың бас ақыны, ғұлама ойшыл Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған «Абай ауылы» сахналық қойылымымен басталды. Сахна төрінде Абай ақынның өлеңдері мен қарасөздері оқылып, Абай әндері шырқалды, қазақша би, «Қара жорға» биі, Құрманғазының «Сарыарқа» күйі көрермендерді тамсандырды. 17-27 ақпан аралығында өтетін апталықтың жоспары таныстырылды. Апталықта ашық сабақтар, тәрбие  сағаттары, спорттық жарыстар өткізіледі. Барлықтарыңызды қоғамдық-гуманитарлық пәндер апталығына шақырды.