Алматы қаласы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары арасындағы ұйымдастырылған "Үздік өндірістік оқыту шебері - 2019" қалалық байқауда АҚжХКК "Дәнекерлеу ісі" мамандығының өндірістік оқыту шебері Кониров Самат жүлделі 3 орынға ие болды. Байқау 4 тур бойынша өтті:
1. Өзін таныстыру
2. Түрлі жағдаяттар
3. Тестілеу
4. Кәсіби шеберлік
Байқаудың мақсаттары мен міндеттері: техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін жетілдіру және өндірістік оқыту шебері лауазымының беделін көтеру, кәсіби талантты және шығармашылықпен жұмыс жасайтын жас шеберлерді анықтау.